Әлем чемпионатына келген жанкүйерлер Доха базарына соқпай кетпейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем чемпионатына келген жанкүйерлер Доха базарына соқпай кетпейді

25.11.2022

Дохада Су-Вакиф базары бар. 20 ғасырда салынған ғимарат бүгінде Қатар астанасының орталығы. Ал әлем чемпионатына келген миллиондаған жанкүйерлер бұл базарға соқпай кетпейді. Дохадағы тілшіміз Ерсін Ерік барып көрді.

Қатарға әлеи чемпионатын тамашалауға келген жанкүйерлер тек ойындарға ғана емес қала көшелерін аралап, мундиаль өтііп жатқан елдің тыныс тіршілігімен танысады. Дохаға келушілердің көбі Соук Вакиф деп аталатын үлкен ескі базарға жиі барады. Мұнда ұлттық киімдер, тұмыстық заттар, сыйлықтар мен киім кешек сатылады. Тек стадионға ғана емес , бұл жерге де жанкүйерлер келіп, күнде футбол мерекесі ерте басталады.

Соук вакифке көп адамдар Қатардың ұлттық тағамдарынан дәм татуға келеді. Бұл жерде мейрамханалар саны да көп.

Базар Әлем чемпионаты уақытында үзіліссіз жұмыс істейді. Себебі кездесу уақыттарының арасында фктбол жанкүйерлеріне осында келіп, қажетін алуға асығады. Мундиаль аяқталғаннан кейін Соук Вакиф әдеттегі түскі уақытта үзіліс жасайтын жұмыс уақытына көшеді. Себебі күннің ыстығынан базарға келушілердің саны күрт азаяды. Сондықтан кешкі уақытта юұл жерде нағыз қайнаған тіршілік басталады.

Ерік Ерсін

Хабарламаларға жазылу