Аргентина құрамасы Сауд Арабиясынан жеңіліп қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентина құрамасы Сауд Арабиясынан жеңіліп қалды

22.11.2022

Әлем чемпионатында алғашқы сенсация. Турнирдің фавориті саналған Аргентина құрамасы Сауд Арабиясынан жеңіліп қалды.

Жаһанның үздік футболшысы, жеті мәрте алтын доп иегері атанған Мессидің өзі ұжымына көмектесе алмады. Бірінші таймның 10 шы минутында Леонель көзге түсіп, пенальтиден гол соққан еді. Алайда қызықтың бәрі екінші таймда басталды. Сауд Арабиясы Аргентина қақпасынан саңылау тауып, қатарынан екі гол салды. Осылайша әлем чемпионатының алғашқы сенсациясы орын алып, Сауд Арабиясы құрамасы жаһанның екі дүркін чемпиондары Аргентинаны 2:1 есебімен жеңіп кетті.

Дархан Рахымжан

Хабарламаларға жазылу