Сауд Арабиясы сары қағаздар саны бойынша антирекорд жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясы сары қағаздар саны бойынша антирекорд жасады

02.12.2022

Сауд Арабиясы құрамасы тағы рекорд орнатты. Бұл жолы сары қағаздар санымен. Топтық кезеңде королдік ел командасы 14 ескерту алыпты. Бұл турнир тарихындағы антирекорд болып отыр.

Ал Бельгия құрамасы 21 ғасырда алғаш рет әлем біріншілігінің топтық кезеңінен өте алмай қалды. Түндегі ойында ұжым - Хорватия құрамасымен тең түсті. Ал өткен аптада Марокко командасынан жеңіліп қалғаннан кейін Брюссель көшелерінде жанкүйерлер наразылық шеруіне шығып, арты тәртіпсіздікке ұласқан болатын. Бельгия құрамасы 2018 жылғы турнирде қола жүлдені еншілеп, құрама тарихындағы жоғары жетістікке жеткен еді.


Хабарламаларға жазылу