Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингісінде 3 саты төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингісінде 3 саты төмендеді

17.07.2014
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингісінде 3 саты төмендеді

 

ФИФА футболдан ұлттық құрамалардың шілде айындағы рейтингісін жариялады.

Қазақстан құрамасы 220 ұпаймен 3 сатыға төмендеп, ФИФА рейтингісі бойынша 127- ші орынға түсіп қалды.

Әлемнің су жаңа чемпиондары бірінші орынға көтерілген. Сөйтіп, Германия құрамасы 1724 ұпаймен көш бастады.

Екінші орынға Әлем чемпионатының күміс жүлдегер Аргентина құрамасы жайғасса, қола медальға қол жеткізген нидерландылықтар үздік үштікті қорытындылап тұр.

Ал, осы уақытқа дейін 1-ші орында келген, Әлемнің экс-чемионы - Испания құрамасы 1229 ұпаймен 8-ші орынға түсіп қалды.

ФИФА рейтингісі

1 (2). Германия - 1724 ұпай

2 (5). Аргентина - 1606

3 (15). Нидерланд - 1496

4 (8). Колумбия - 1492

5 (11). Бельгия - 1401

6 (7). Уругвай - 1330

7 (3). Бразилия - 1241

8 (1). Испания - 1229

9 (6). Швейцария - 1216

10 (17). Франция - 1202

127 (124). Қазақстан - 220

Хабарламаларға жазылу