Қарағандыда 180 миллион теңгені жымқырған алаяқ 9 жылға сотталды
Қарағандыда «Лидер Капитал 168» қаржы пирамидасын ұйымдастырушы 9 жылға сотталды. Ол жылына теңгедегі салымдар бойынша 24% дейін және шетел валютасында 6% дейін немесе ай сайын 5% дейін жылдық табыс алу шартымен инвестиция тартып отырған.
Яковлева Ирина 2015 жылдың наурызынан 2020 жылдың сәуіріне дейін Қарағанды және Павлодар облыстарында «Лидер Капитал 168 микроқаржы ұйымының» филиалдарын ашып, осы қаржы пирамидасын басқарған. Осылайша өзінің құйтырқы әрекеттерімен жәбірленушілерге 180 млн теңге көлемінде материалдық залал келтірген.
Әлібек Әбділов, Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
Сот үкімімен Яковлева Ирина Викторовна кінәлі деп танылып, 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар 7 жыл мерзім ішінде ол қаржылық ұйымның қатысушысы бола алмайды. Және қаржы ұйымының , банктік, немесе сақтандыру холдингінің басшы қызметтерін атқара алмайды.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24