Сенат отырысында бірқатар заң жобалары талқыланды
Бүгін Сенат отырысында бірқатар заң жобалары талқыланды. Оның ішінде, еңбекақы төлеу қорына жүктемені азайту және бірыңғай төлемді енгізу туралы норма бар. Нақты айтқанда, қазір микро және шағын бизнес субъектілері еңбекақы төлеу қорынан 34,5 пайыз төлейді. Ал 2023 жылдан бастап 2028 жылға дейін біртіндеп 26,3 пайызға дейін өзгереді. 20 пайыздық бірыңғай төлемді ерікті негізде төлеу ұсынылады. Сондай-ақ, Сенат спикері президенттік сайлауға қатысты пікір білдірді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
«Бұл енді ортақ жеңіс, бұл халықтың жеңісі деп айтуға толық негіз бар. Қазақстан халқы Президенттің әділетті Қазақстан құруға бағытталған саясатын бір ауыздан қолдап, кеше дауыс берді. Біздің енді алдағы мақсатымыз Президентіміздің барлық бастамаларын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету. Осы бағытта бәріміз нәтижелі табысты, сәтті еңбек етеміз деп сенемін».
Азамат Нұғыманов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18