Ұлыбританиядағы сайлау әлі жалғасып жатыр
Ұлыбританиядағы сайлау әлі жалғасып жатыр. Лондонда сағат күндізгі төрттердің шамасы. Тұманды Альбиондағы тілшіміз Марина Бекенова соңғы ақпарттармен бөлісуге дайын.
Марина Бекенова, тілші:
Әріптестер, түстен кейін дауыс берушілердің саны таңертеңгі уақытқа қарағанда артты. Өйткені Ұлыбританияның түкпір-түкпірінде тұратын қазақстандықтар Лондонға енді жеткен сыңайлы. Тіпті, кішігірім кезек те пайда болды. Жалпы дауыс беруге ниетті 300-ден астам отандасымыздың басым көпшілігі студенттер қауымы және олардың белсенділігі өте жоғары. Сайлаушылардың қатарында тек Ұлыбритания қазақтары ғана емес, Исландия, Ирландия мемлекеттерінде уақытша немесе тұрақты тұрып жатқан отандастарымыз да бар.
Асылбек Қылышбеков, Sussex университетінің студенті:
Кішігірім қазақ ұйымы. Брайтон қаласынан келгенбіз. Біз балаларымызбен бірге Қазақстанның болашағы үшін дауыс беруге келдік. Дауыс беру арқылы біз тек қана Қазақстанның жақсы болуына үміттеніп отырмыз.
Сайлаушылар арасында туристер де, іссапарда жүргендер де көп. Олар азаматтық борыштарына жауапкершілікпен қарап, елшілікке келіп жатыр. Таңертең 7-де ашылған учаскедегі дауыс беру кешкі 8-ге дейін жалғасады. Одан кейін сайлау комиссиясының мүшелері бюллетеньдерді санау жұмысына кіріседі. Учаске жабылғаннан кейін 1-2 сағаттың көлемінде Лондондағы президенттік сайлау нәтижелері белгілі болып, орталыққа жіберіледі. Саяси маңызы бар науқанның алдын ала қорытындылары ертең жария етілмек.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06