Перзентханадағы жас аналар дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перзентханадағы жас аналар дауыс берді

20.11.2022

Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургия орталығындағы аналар да, саяси науқаннан қалыс қалмай, өз таңдауын жасап жатыр. Бүгінде перзентханадағы нөмірі 311- жабық сайлау учаскесінде дауыс беретін 110 адам тіркелген.

Фариза Мұсақызы, тілші:

Расымен де, сәбилі болған аналар сайлау науқанынан қалыс қалған жоқ. Бұл жердегі аналарға дауыс беруге бар жағдай жасалған. Ортылықта дауыс беруші 110 адам тіркелген. Олардың дені - босанған және жүкті әйелдер бар. Ал мекеме қызметкерлері өз таңдауларын тұрғылықты жерлеріне байланысты жасайды.

Осы тәулік ішінде мұнда 10 сәби дүниеге келген. Орталық өкілдерінің айтуынша, баласының есімін сайлаудың құрметіне қоюды ойластырып жатқандар жоқ. Жалпы, аналардың дені тарихи таңдауын жасайтын елеулі күні не қарсаңында өмірге келген балаларының болашағы жарқын болсын деген ниетпен саналы түрде азаматты борышын орындауға келген.



Хабарламаларға жазылу