Сайлауға студенттер белсенді қатысып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлауға студенттер белсенді қатысып жатыр

20.11.2022

Сайлауға жастар да белсінді қатысып жатыр. Солардың бірі елорда тұрғыны Айдар Шайхемсламұлы. Ол алғаш рет дауыс берді. 20 жастағы жас сайлаушы ел үшін маңызды оқиғаға қатысқанына қуанышты екенін жеткізді.

Айдар Шайхемсламұлы, студент:

Бүгін мен бірінші рет келіп дауыс бердім. Мен Қазақстан Республикасы азаматы болғандықтан дауыс беру міндетім. Жалпы мен үшін ғана емес, барша қазақстандықтар үшін дауыс беру өте маңызды. Себебі біздің болашағымыз үшін, Қазақстанның болашағы үшін оның дамуына әсер етеді.


Хабарламаларға жазылу