Нұр-Сұлтандағы сайлау учаскесінде жас жұбайлар дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтандағы сайлау учаскесінде жас жұбайлар дауыс берді

10.01.2021

Елордада дәл бүгін отау құрып жатқан жас жұбайлар да сайлауға қатысып, дауыс берді. Олар үйлену тойы қарсаңындағы қарбаласқа қарамастан, үйлеріне жақын сайлау бөлімшесіне келіп таңдау жасады. Айтуларынша, неке қиятын күнді алдын ала жоспарлағанда сайлаумен тұспа-тұс келетінін білмеген. Бірақ барынша уақыт тауып, елдегі саяси науқаннан тыс қалмады. Өз қуаныштарын атап өтпестен бұрын сайлауға қатысу басты міндетіміз дейді.

Хабарламаларға жазылу