Түркістан облысында перзентханадағы аналар дауыс беруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында перзентханадағы аналар дауыс беруде

05.06.2022

Оңтүстік жұртының референдумға қатысуы әдеттегідей белсенді. Аймақта дәл осы күні дүниеге перзент әкеліп жатқан аналар да саяси шарадан қалыспай өз таңдауларын жасап жатыр.

Айнұр Ақбаева, тілші:

Халқы ең көп, тығыз орналасқан аймақ саналатын Түркістан облысында да тұрғындар белсенді дауыс беріп жатыр. Қазір біз қаладағы 3 перинаталдық орталықта тұрмыз. Іңгәлаған сәбилердің дауысын естудің өзі керемет. Еліміздегі әрбір бесінші сәби өмірге келетін облыста жас босанған аналар да маңызды шарадан қалыс қалмай дауыс беруде. Мұнда жалпы саны 156 әйел дәрігерлердің бақылауында болса, оның 112-сі жас босанған аналар. Комиссия мүшелері әр палатаға кіріп, аналардың дауыс беруіне мүмкіндік жасауда. Айта кетейік, Түркістан қаласында дәл осындай 50 референдум учаскесі бар. Оның екеуі ауруханалардың ішінде орналасқан. Жалпы саяси науқанға қала бойынша 118 мыңға жуық сайлаушы қатысып, дауыстарын береді деп күтілуде.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу