Елордалық сайлаушылар белсенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық сайлаушылар белсенді

20.11.2022

Елордалық сайлаушылар таң атпай белсенділік танытып жатыр. Сайлау учаскелеріне жиналған адамдардың қатары қалың, дені жастар. 

Асылбек Данияр - тілші: Біз қазір Астанадағы 113 сайлау учаскесіндеміз. Таңмен таласа өз таңдауына жасауға асыққан адамдар көп. Арасында зиялы қауым өкілдері мен депутаттар да бар. Жалпы, бұл учаскеде 3700-ден аса азамат тіркелген. Сайлау барысын халықаралық байқаушылар бақылап жүр. Бұнда ең бірінші болып 25 жастағы қала тұрғыны отбасымен бірге келіп дауыс берді. Комиссия мүшелері алғашқы дауыс берушіге сыйлық берді.

Еркебұлан Қарабаев - қала тұрғыны:

Еліміз көркейсін деп, жастар жол берсін деп, жастарды қолдасын деп, мемлекетіміз үлкен бір жетістікке жетсін деген ойдамын.

Күлән Балғожина - қала тұрғыны:

Біз ерте сағат алтыдан бастап келдік учаскеге.Қуанышымызда шек жоқ, өте қуанып келдік. Президентімізді сайлайды деген соң түнде ұйқымыз да қашып кетті. Сондықтан, Қазақстан халқына бүгін мерейлі той.

Астанада жалпы саны 406 сайлау учаскесі бар. Оның ішінде тіркеуде жоқ азаматтарға арналған 23 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Онда әртүрлі себептермен тіркелмеген адамдар өз құқығын пайдаланып, дауыс бере алады. Осы орайда сайлаушыларға құлаққағыс: егер тіркелген учаскеңізді білмесеңіз, sailau.gov.kz сайтынан немесе 109 коол орталығына қоңырау шалу арқылы агықтауға болады.


Хабарламаларға жазылу