Президент сайлауы: 53 мемлекетте 68 сайлау уческесі құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент сайлауы: 53 мемлекетте 68 сайлау уческесі құрылды

22.10.2022

Шетелде жүрген қазақстандықтар да дауыс бере алады. Ол үшін 53 мемлекетте 68 сайлау уческесі құрылды. Дауыс беру үшін белсенді сайлау құқығы бар, шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік не туристік мақсатпен жүрген және жарамды паспорты бар Қазақстан азаматтары сайлау учаскесі құрылған дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады.

Шетелдерде дауыс беру 20 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат таңғы 7:00-ден кешкі 20:00-ге дейін өткізіледі. Сонымен бірге шетелдегі азаматтар жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет беруі керек. 

Серік Селеубай  

Хабарламаларға жазылу