Бүгін тыныштық күні: Елордаға халықаралық ұйымдардан 67 байқаушы келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін тыныштық күні: Елордаға халықаралық ұйымдардан 67 байқаушы келді

19.11.2022

Бүгін - елімізде тыныштық күні.

Ертең, Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Саяси процессті бақылау үшін 15 елдің орталық сайлау органдарының өкілдері мен байқаушылар және шетелдік журналистер Астанаға келді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров, шетелдік делегацияға елдегі әрбір дауыс берушіге қандай жағдай жасалғанын баяндады. Мәселең, алғаш рет сайлау учаскелерінің барлығында дауыс беру кабиналары мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап жабдықталған. Бұған дейін аумақтық сайлау комиссияларының жұмысын жүргізу үшін 11 мыңнан аса оқыту курсы өткен. Халықаралық байқаушылар/ сайлаудың дайындық барысына/ жоғары баға берді.

Дмитрий Кобицкий, ТМД Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің бас хатшысы:

Ертең бізді маңызды міндет күтіп тұр. Дауыс беру уақыты аяқталғаннан кейін қорытынды әзірлейміз. Дүйсенбі күні атқарушы комиссиямен бірге баспасөз конференциясын өткізіп, бақылауымыздың алдын ала нәтижелерін жариялаймыз. Біздің институттың сарапшылары Қазақстанның заңнамасы барлық демократиялық нормаларға сай келетіні туралы құқықтық қорытындымыз Орталық сайлау комиссиясына берілді.

Байқаушылар тобына 10 халықаралық ұйым атынан 67 адам кірген. Олар еліміздің Сайлау туралы Конституциялық заңының негізгі баптары, кандидаттарға қойылатын талаптар мен сайлауға дайындық барысымен жіті танысты. Байқаушылар ертең ел аумағындағы сайлау учаскелерімен қатар, шет мемлекеттердегі 14 дауыс беру учаскесіндегі процестерді бақылайды. Әрі әлеуметтік желіге де мониторинг жүргізеді.

Хабарламаларға жазылу