Тұрғындарға ипотека беру үшін Отбасы банкі республикалық бюджеттен 5 млрд 100 млн теңге кредит алады. Үкімет қаулысының жобасында ақша азаматтарға 564 пәтерді несиеге беруге жететіні жазылған. Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған адамдар жылдық 5 пайыз мөлшерлемемен ипотека алады. Оның ішінде алдын ала және аралық тұрғын үй қарызын беруге де жұмсалады. Банк мемлекеттен несиені 20 жылға алып отыр. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,15%. Банкке берілген жеңілдік мерзімі – 6 жыл 8 ай. Демек, Отбасы банкі берешегін 7 жылдан кейін жылына миллион теңге есебімен өтейді.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Отбасы банкі бюджеттен 5,1 млрд теңге алады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/167092/)