«9-20-25» бағдарламасы наурызда іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«9-20-25» бағдарламасы наурызда іске қосылады

07.02.2024

«9-20-25» жаңа ипотека бағдарламасы 1 наурызда іске қосылады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысынан соң өткен брифингте белгілі болды. Бағдарламаға қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді, жоба «Отбасы Банкімен» бірлесіп жүзеге асады. «Отбасы банкі» бағдарлама талаптарын атады. Бағдарламаға қатысушы жаңадан салынып жатқан тұрғын үйді, жеке құрылыс салушылардан сатып ала алады. Жоба нарықтық қаржыландыру арқылы жүргізіледі. Бюджет қаражаты пайдаланылмайды деді. «Отбасы банкі» жыл сайын 150 миллиард теңге көлемінде бюджеттен тыс ресурстар тартуды жоспарлап отырғанын, бұл жылына қосымша 8 мың отбасын баспанамен қамтамасыз ететінін айтты. Бағдарламаға қатысу рәсімінің барынша ашық болуы үшін қарыз алушының келісімімен «Отбасы Банкінің» интернет-ресурстарында несие алғандардың тізімдерін жариялау жоспарлануда.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу