Ақтөбеде жастарға баспаналы болуға мүмкіндік беретін жаңа бағдарлама бастау алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде жастарға баспаналы болуға мүмкіндік беретін жаңа бағдарлама бастау алды

15.12.2022

Ақтөбеде жастарға қолайлы шарттармен баспаналы болуға мүмкіндік беретін жаңа бағдарлама бастау алды. Оған қатысуға 18 бен 35 жас аралығындағы үміткерлер өтініш бере алады.

Бұл мақсатқа 600 миллион теңге бөлінді. Оның жартысы жергілікті бюджеттен, қалғанын «Отбасы» банкі қаржыландырып отыр. Бағдардамаға ерлі-зайыптылардың бірі ғана қатыса алады. Сондай-ақ соңғы бір жыл ішінде Ақтөбе облысы аумағында жұмыс өтілі болуы тиіс.

Елеусіз Нұрғалиев, Облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы:

Несие беру уақыты 23 жыл. Пайыздық мөлшерлемесі 5%, бастапқы жарна 10%-дан бастап. Жаңа және екінші нарықтағы үйлерді алуға болады.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу