Қазақстан қалаларына кәріз тарту үшін шетелден 330 млрд теңге қарыз алады

27.10.2020
Қазақстан қалаларына кәріз тарту үшін шетелден 330 млрд теңге қарыз алады

Балқаш, Жаңатас, Жезқазған және Сәтбаев қалалары үшін Азия Даму банкінен 40 млрд теңге қарыз алу көзделген. 

Қазақстан қалаларға кәріздік-тазарту қондырғыларын салу үшін халықаралық банктерден шамамен 330 млрд теңге қарыз алады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.

«Елбасының тапсырмасына сәйкес, еліміздің 53 қаласында кәріздік-тазарту қондырғыларын салу және жаңғырту жобаларын іске асыруға дайындық жүргізіп жатырмыз. Халықаралық қаржы ұйымдарымен (Азия Даму Банкі, Еуропа қайта құру және Даму Банкі) шамамен 330 млрд теңге мөлшерінде бюджеттен тыс қаражат тарту бойынша келісімге келдік», - деді ол Үкімет отырысында. 

Министр атап өткендей, Балқаш, Жаңатас, Жезқазған, Сәтбаев, Степногорск қалаларында кәріздік-тазарту қондырғыларын салу мен реконструкциялау бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді. Сараптама оң қорытындысын берді. Бұл жобаларды шамамен 40 млрд теңге мөлшерінде Азия Даму Банкі қарызы есебінен іске асыру жоспарланған.

Ал Ақтөбе, Аягөз, Қапшағай, Қарағанды, Пришахтинск, Риддер қалалары бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, сараптамаға жіберілген. Құны шамамен 90 млрд теңге болатын жобаларды Еуропалық қайта құру және Даму банкінің қаражаты есебінен іске асыру жоспарланып отыр.

қарыз қазақстан кәріз жүйесі Азия Даму Банкі

Хабарламаларға жазылу