Индонезияда «Үлкен жиырмалық» елдері басшыларының саммиті ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда «Үлкен жиырмалық» елдері басшыларының саммиті ашылды

15.11.2022

Бүгін Индонезияның Бали аралында «Үлкен жиырмалық» елдері басшыларының саммиті ашылды. Бұл топқа АҚШ, Қытай, Ресей, Үндістан, Бразилия, Германия, Ұлыбритания, Франция, Канада, Индонезия, Түркия, Сауд Арабиясы және тағы басқа мемлекеттер кіреді.

Жиынды Индонезия президенті Джоко Видодо ашты. Кейбір мәліметтерге қарағанда, «Жиырмалық» лидерлері қорытынды коммюнике жобасына келіскен. Ол құжатта «соғыс дәуірінен бас тарту» ұсынылып, Ресейдің Украинадағы әскери әрекеттерінің «адамзатқа үлкен қасірет әкелгені және әлемдік экономикадағы тұрақсыздықты күшейткені» айтылған.

Саммиттің екінші сессиясында жаһандық денсаулық сақтау архитектурасы қарастырылса, ертең өтетін үшінші отырысында цифрлық трансформация мәселелері қозғалады.

«Үлкен жиырмалық» - дүниежүзілік экономиканың жоспарларын талқылайтын елдер клубы. Оларға әлемдік өндірістің 85 пайызы, халықаралық сауданың 75 пайызы тиесілі. Және де «Жиырмалық» аумағында жер шары тұрғындарының үштен екі бөлігі өмір сүріп жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу