Батыс Қазақстанда мал ұрлаған төрт күдікті ұсталды
Батыс Қазақстан облысында соңғы екі жылда мал ұрлығымен айналысқан төрт адам ұсталды. Күдіктілер Самара-Шымкент тас жолының бойында Теректі ауданы Подстепный кентінің маңында қолға түскен.
Олардың көлігінен Бекей ауылынан ұрланып, сойылған жылқы табылды. 42,34 және 37 жастағы төрт азамат соңғы екі жылда Ақжайық, Казталов және Теректі аудандарының аумағында 10 рет мал ұрлағандарын мойындады.
Сондай-ақ тергеу барысында бір компанияның кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасағандарын да айтқан. Күдіктілер Теректі ауданы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16