Жылыту маусымы басталғалы 16 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жылыту маусымы басталғалы 16 адам көз жұмды

14.11.2022

Жылыту маусымы басталғалы 16 адам көз жұмды. Өйткені жер үйлерде өрт көп. Қарапайым ережелер сақталмайды. Салдарынан елде төтенше жағдай жиіледі.

Биыл ел аумағында 800-ден астам өрт тіркелген. Төтенше жағдайлар министрлігі қауіптің алдын алу бойынша жұмысты күшейтті. 600 мыңнан астам рейд жүргізіп, өрт қауіпсіздігі бойынша 100 мың құқықбұзушылық анықтаған.

Жанғыш материалдарды жылыту құрылғыларының жанында сақтайды, үй заттарын пеш үстінде кептіреді. Бірақ мұның бәрі қызыл жалынның тез тұтануына алып келеді.

Министрлік есебінде қазір өрт қауіпсіздігі бойынша осындай 106 мыңнан астам отбасы тұр.

Тілеуберді Мәдиев, Өртке қарсы қызмет комитетінің басқарма бастығының орынбасары:

Бұл кісілердің үйлерін аралап, пешті, жылыту көздерін қалай жүргізу керегін көрсетеді. Сонымен қатар бұл азаматтарға айыппұл сала алмаймыз. Тек қана ұсыным ғана бере аламыз.

Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу