Балақайларға базарлық: «Balapan» телеарнасының төл өнімдерін енді боямақ-кітапшалардан көруге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балақайларға базарлық: «Balapan» телеарнасының төл өнімдерін енді боямақ-кітапшалардан көруге болады

11.11.2022

Балақайларға базарлық: «Balapan» телеарнасының төл өнімдерін енді боямақ-кітапшалардан көруге болады. Бұл – Сыр баспагерлерінің «Балалар жылына» тартуы. Тұңғыш рет қазақ тілінде жасөсіпірімдерге арналған отандық анимациялық фильмдердің бояу кітапшалары бүгін кішкентай оқырмандардың қолына тиді.

Ана тіліндегі балалар әдебиеті мен мультфильмдер қатары қазір көбейіп келеді. Дегенмен, дүкен сөрелерінде қазақ тіліндегі бояу кітапшалары сирек кездеседі. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында «Балапан» телеарнасы мен «АSU» баспа үйі» бірігіп, отандық анимациялық фильмдердегі кейіпкерлер суреттелген бояу кітапшаларын шығарды.

Нұрымбет Сақтағанов , Облыс әкімінің орынбасары:

Балалардың керемет сүйіп қарайтын телеарнасы бұл «Балапан». Осы «Балапан» телеарнасының ішіндегі төл өнімдерді біздің сыр бойылық баспагерлер керемет бояу кітаптары арқылы шығаруды бастады Қазақстанда бірінші болып.

Жас өрендер сурет арқылы Әбу Насыр әл-Фараби жайында түсірілген мультсериалдағы кейіпкерлерді етене танып, ұлы ойшылдың шығармашылығынан сусындай алады. Ал, екінші бояу кітабында «Сиқырлы тас» мультисериалындағы кейіпкерлер сомдалған.

Бақытжан Салмұрза, «Асу» баспа үйі» ЖШС техникалық редакторы:

Бұл кітаптың және бір ерекшелігі бұлардың барлығы 2 D форматта, эскиз түрінде қойылғанан кейін, QR кодтар қойылған. Сол арқылы, яғни Youtube арқылы осы «Балапан» телеарнасындағы осы сериялдардың әр сериясын көре алады, тамашалайды. Әрі қарай өзінің қиялын дамытып, осы суреттерді өздерінің қиялымен бояйды деп сеніміз.

Бояу кітапшалары балалардың көкжиегін кеңейтіп, қиял әлеміне саяхаттауға мол мүмкіндік береді. Алғаш рет қазақ тілінде жарық көрген кітапша ұрпақ тәрбиесіне таптырмас құрал.

Елдос Асан


Хабарламаларға жазылу