Ақсу зауыты мал шаруашылығында пайдаланылатын кешен жасауды қолға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақсу зауыты мал шаруашылығында пайдаланылатын кешен жасауды қолға алды

12.11.2015
Ақсу зауыты мал шаруашылығында пайдаланылатын кешен жасауды қолға алды
Ең бастысы, құрылғыларда мал дәрігерлеріне қолайлы және қауіпсіз болу жағы мықтап ескерілген.

Степногор қаласының іргесіндегі Ақсу кентінде орналасқан тау-кен саласына қажетті құрылғыларды шығаратын зауыт мал шаруашылығында пайдаланылатын кешен жасауды қолға алды. Енді бұл өнімдерін кеңінен қолданысқа енгізбекші.

Сондай-ақ, еліміздегі іргелі кәсіпорындардың тапсырыстарын уақтылы орындап отыруды да ұжым зор жауапкершілікпен жүзеге асырып келеді.

Тау-кен құрылғыларын дайындайтын өндіріс бұрын тек тапсырыс берушінің жабдықтарын жасайтын. Енді өздерінің өнімдерін құрастыруды қолға алды. Бұл - зауыттың төл туындысы.

Кәсіпорындағы мамандар сызбасын, өлшемдерін өздері жасап шығарған. Ең бастысы, бұл құрылғыда мал дәрігерлеріне қолайлы және қауіпсіз болу жағы мықтап ескерілген.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу