Атырауда бокстан халықаралық турнир өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда бокстан халықаралық турнир өтуде

29.04.2014
Атырауда бокстан халықаралық турнир өтуде
Атырауда бокстан қазақтың қос батыры Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы атындағы алтыншы халықаралық турнир өтуде.
 
Бұл сынның биыл деңгейі жоғары. Жарыста 10 мемлекеттен спортшылары бақ сынауда. Ресей мен Моңғолия бетке ұстар боксшыларын әкелген. Ал, қазақстандық боксшыларға шектеу қойылып әр обылыстың намысын тек екі спортшы қорғауда.
 
Бүгін жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды. Шешуші шаршы алаң бәсекелерінің барлығын «KAZsport» телеарнасының кешкілік эфирінен көруге болады.
 
 
Рүстем БАЙДӘУЛЕТОВ

Хабарламаларға жазылу