Әсет Исекешев елордалықтар мен қала қонақтарын Астана күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әсет Исекешев елордалықтар мен қала қонақтарын Астана күнімен құттықтады

05.07.2016
Әсет Исекешев елордалықтар мен қала қонақтарын Астана күнімен құттықтады

Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

Сіздерді еңселі елордамыздың төл мерекесі – Астана күнімен құттықтаймын!

Астана күні - бүгінде барша Қазақстан халқы тойлайтын ортақ мереке. Елордамыз Тәуелсіздіктің жиырма бес жылдығына экономикасы қуатты, индустриялық-инновациялық әлеуеті нығайған қала ретінде жетіп отыр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Астана келбеті - ұлт келбеті» деген сөзі бар. Уақыт өткен сайын көркейген қаламыздан егемен еліміздің даму бейнесін көруге болады. Мұның бәрі - дұрыс ойластырылған жоспар мен қажырлы еңбектің, ұйымшылдық пен ішкі татулықтың нәтижесі.

Әрдайым атар таңымыз ашық, алатын асуымыз биік болғай!

 

Ізгі ниетпен,

Әсет Исекешев

Астана қаласының әкімі

Хабарламаларға жазылу