Алматыда ірі көтерме сауда базарларының қоймасындағы өрт бойынша арнайы зерттеушілер тобы құрылды. Кәсіпкерлерге келген шығын есептеліп жатыр.
Ол үшін қойма иелері мен саудагерлерден түсініктеме алынды. Қызыл жалын түскі 11-лер шамасында тауарлар тұрған қоймаларда тұтанған. Қаладағы кептеліске қарамастан, өрт сөндіру қызметінің алғашқы бригадасы 8 минутта жетті.
Жалпы аумағы 1,5 мың шаршы метр болатын қойма жанып, іргелес және көрші қоймалардағы тауарлар мен материалдар салынған контейнерлерге таралу қаупі болған. От 1 сағаттан аса уақытта толық сөндірілді.
Еркебұлан Серікұлы, саудагер:
Өртті өзіміз өшіріп бастап едік, өрт күшейіп кетті. Күшіміз жетпеді. Үлгермедік. Бұл қоймада затым бар, біздікі аман.
Арман Мәкенов, Жетісу ауданы ТЖБ бастығы:
Аталған аудан сумен аз қамтылған аудан болғандықтан, күрделі өртті сөндіруге автопойыз жұмылдырылып, үздіксіз су беру қамтамасыз етілді.
Жазира Оразқызы