Ресейде 3 млн жұмысшы тапшы
Ресейде 3 млн жұмысшы тапшы. Санкция салдарынан кәсіпорындар мен компаниялар өндіріс көлемін ұлғайтуға мәжбүр.
Индира Бегайдар, тілші:
Жалпы Ресей азаматтарының жалақысы 7,2 пайызға азайды. Бұл 2015 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш. Азық-түлік, киім, дәрі-дәрмек бағасы 100 пайызға дейін көтерілген. Сондықтан елден кетіп жатқандардың саны азаяр емес. Жүргізілген зерттеулерге сәйкес азаматтардың 40 пайызы жалақысы өмір сүрге жетпейтінін айтқан. Ал зейнатқыға индексация жасалғанымен, 26 рубль ғана қосылған.
Валентина Иванова, зейнеткер:
Зейнеткерлердің де жағдайы мәз емес, біздің де зейнетақымыз мардымсыз. Сауда жасап, жағамды ұстадым. Ет, сүт бағасы тағы өскен.
Жұмысшы дефициті барлық салада байқалады. Әсіресе кәсіби жүргізуші, дәнекерлеуші, электрик пен құрылысшы жетпей жатыр. Бұрын бұл жұмыстарды еңбек мигранттары істесе, қазір олар да өз елдеріне қайтуда.
Ресей үкіметінің басшысы 2023 жылы жалақы 11 пайызға дейін өсетінін мәлімдеді. Дегенмен мамандар инфляцияның салдарынан өмір сүру көрсеткіші төмендей беретінін айтады.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06