Көкшетауда байқаушылардың дайындығы пысықталды
Алдағы Президент сайлауында «Партиялық емес байқау» орталығынан Ақмола облысында 1400 байқаушы болады. Олардың барлығы арнайы оқу курсынан өткен. Заң талаптары, байқаушылардың құқықтары мен міндеттері толық түсіндірілді.
Облыста 717 сайлау учаскесі бар. Партиялық емес байқау орталығының өкілдері солардың барлығын қамтуды жоспарлап отыр. Қазір сайлау учаскелерінде дайындық қыза түскен. Байқаушылар 20-ыншы қарашада ғана емес, үгіт-насихат кезеңінде де жұмыстарын атқарып жатыр. Сондай-ақ халықаралық байқаушылармен байланыс бар. Олармен тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылмақ.
Ерлан Закирьянов, «Партиялық емес байқау» орталығының облыстық филиал жетекшісі:
Семинар-тренингтармен мен өзім әр өңірге барып келдім аудандарға. Егіндікөл, Қорғалжын барлық жиырма аудандық, қалалық жергілікті іс-шарамен барып келдік. Барлығын үйреттік. Кейс, жағдайларды, іскерлік ойындар ретінде жергілікті байқаушыларды үйреттік. Қазір де қалалық байқаушыларды әрімен қарай жалғастырып үйретіп жатырмыз.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Гуманоид робот жүгіруден Усейн Болттың рекордын жаңартты
25.08.2026, 10:09
Оралда кәсіпкерлер үш жаңа саябақ салып берді
25.08.2026, 10:07
Елде автосақтандыру жүйесі өзгереді
25.08.2026, 10:06
Тұрғындар пікірі: Халықтық Конституция қоғамның жаңа бағытын айқындайды
25.08.2026, 10:05
Халықтың жартысына жуығы спортпен тұрақты айналысады
25.08.2026, 10:05
Боливияда қар борап, әуе рейстері доғарылды
25.08.2026, 10:03
Вашингтон Тегеранға қарсы ауқымды санкция жариялады
25.08.2026, 10:02
Ішкі сауда көлемі өсіп келеді
25.08.2026, 10:02