АҚШ-та «Пауэрболл» лотереясынан белгісіз адам 2 млрд доллар ұтты
АҚШ-та «Пауэрболл» лотереясы дүйсенбіде тағы ойнатылып, бір адамның билетіндегі сандар толық сәйкес келді. Осылайша белгісіз тұрғын тарихтағы ең қомақты джекпотты, яғни 2 миллиард доллардан астам ақшаны ұтып алып отыр.
Бұл адам сәтті билетті Калифорния штатының Лос-Анджелес қаласының маңындағы Альтадина елді мекенінде 2 долларға сатып алған. Енді оған ұтысын екі жолмен алу ұсынылып отыр. Біріншісіне сәйкес, жеңімпаз бір реттік төлем бойынша 997,6 миллион ғана алады. Ал екіншісіне көнсе, оған 2,04 миллиард доллар 29 жылда толық төленеді.
«Пауэрболл» 1992 жылы пайда болды. Ол бойынша рекордтық сома соңғы рет 2016 жылы төленіп, үш жеңімпаз 1,6 миллиард долларға жуық ақшаны бөліскен.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Прагматизм мен тепе-теңдік: бүгінде Қазақстан мен Ресейдің энергетикалық әріптестігі қалай дамуда?
26.05.2026, 09:42
Цифрландыру және ЖИ экономикаға тың серпін береді
25.05.2026, 20:24
Екібастұз МАЭС-1: Жөндеуден кейін жұмыс қуаты артты
25.05.2026, 20:22
Шалғай ауылдарға ауызсу құбыры тартылып жатыр
25.05.2026, 20:20
Ақтөбе облысындағы ең ауқымды экологиялық жоба сәтті жүзеге асты
25.05.2026, 20:19
AI-фильмдер байқауы: Жүлде қоры - $1 млн
25.05.2026, 20:15
«Munaily Marathon-2026» марафоны өтті
25.05.2026, 20:13
Липосакцияның қаупі қандай?
25.05.2026, 20:13