Ұйымдасқан қылмыстық топтың 32 мүшесі ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген арнайы операция барысында Қызылорда мен Арал қаласында қылмыстық топтың 32 мүшесін ұстады.
Оларға аймақта есірткі айналымын басқарып, басқа да ауыр қылмыстарды ұйымдастырған деген айып тағылды. Ұсталғандардың арасында трансұлттық қылмыстық ұйымдардың топ басшыларына бағынышты және солардың атынан әрекет етіп, өңірдің қылмыстық иерархиясында белгілі бір дәрежеге ие болғандар бар.
Күдіктілердің үйін тінту кезінде қару-жарақ, ақша, есірткі және басқа да айғақ заттар алынды. Құзырлы орган өкілдерімен мемлекет пен қоғамға қауіп төндіретін қылмыстық топтардың ізін кесу бойынша арнайы операциясы әлі де жалғасып жатыр.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жәңгір ханға тиесілі қолжазба табылды
05.03.2026, 20:59
Ертең Паралимпиада ойындары басталады
05.03.2026, 20:56
Жаңа Конституциялық жоба – қоғам тұрақтылығының негізі
05.03.2026, 20:55
Гендерлік теңдік – ел дамуының маңызды бағыты
05.03.2026, 20:15
Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтеді
05.03.2026, 20:12
«Орта табыс тұзағынан» қалай шығамыз?
05.03.2026, 20:12
Елімізде сақтандыру нарығы өсіп келеді
05.03.2026, 20:10
Коалиция мүшелері Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті
05.03.2026, 20:08