Шахтинск шахтасындағы апат: Тергеу жүріп жатыр
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты Ленин атындағы шахтада қауіпсіздік шаралары толықтай қамтамасыз етілгенше, өндіріс жұмыстары тоқтатылды. Сондай-ақ барлық кеніштердің техникалық жабдықталуы түгел тексерілмек. Бұл туралы компания басшылары мәлімдеді.
Руслан Нұрланұлы, тілші:
Компания тарапынан соңғы үш жылда өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, техникалық жабдықтауды жаңғырту бағытында 1 миллиард доллар қаражат бөлінген. Өткен жылы Абай шахтасында болған апаттан соң шахталардағы техникалар жаңартылған. Кеніштерге 20 комбайн мен ұңғылау машиналары сатып алынған. Алайда кеніштерде әлі көп жұмыс атқарылуы тиіс. Олардағы желдеткіш қондырғылар әбден ескірген. Пайдалану мерзімі 14 жыл. Алайда шахталарда өткен ғасырдың 80 жылдары іске қосылған желдеткіштер әлі тұр. Шахтерлардың сұрақтары келісім комиссиясы арқылы әлдеқашан жеткізілген. Онда айтылған 12 мәселенің компания тарапынан шешілуі келісім комиссиясының назарында болады. Дегенмен бұл бағыттағы жұмыстар өте баяу атқарылуда. Кеніштерде апатты жағдайлар жиілеп, жұмысшылардың қазасы көбейіп кетті. Осыған байланысты компания шахталарда қауіпсіздік шараларын күшейтпек. Соңғы Ленин атындағы шахтадағы апатқа байланысты қазір тергеу жалғасуда. Сарапшылар комиссиясы жұмыс істеуде. Оның ашықтығын қамтамасыз ету үшін шетелдік сарапшылар да тартылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06