Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімінің құрылғанына 60 жыл толды.
Бөлім аймақтағы қоғамдық тәртіпті сақтау мен қадағалауда үлкен күшке айналған. Мұнда 2 мыңға тарта әскери құрам бар. Оның 800-і әскери борышын өтеп жатқан жауынгерлер. Сарбаздар бұған дейін Отырар, Мақтарал аудандарында болған тасқын кезінде тұрғындарды көшіруге көмектесті.
Бәйдібек ауданы мен Жамбыл облысы шекаралық аймақтарында жиі болатын қар құрсауы, Арыстағы жарылыс секілді төтенше жағдайлар кезінде ерекше батылдығымен көзге түсті. 1990 жылы тәжік-ауған қақтығысында 17 сарбаз ерлікпен қаза тапқан.
Мерейтойға орай өткен салтанатты жиында, әскерилердің ерлігі баяндалып, үздіктер марапатталды.
Бауыржан Қабылбеков, ҚР Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің командирі:
Негізгі тапсырмалар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету Ішкі істер департаментімен бірлесіп. Қазіргі таңда жауынгерлер бұл тапсырманы абыроймен орындап келеді. Әрі қарай да осы талаптан шығады деп сенемін.
Ғани Қалмахан