«Айгөлек». «Би» номинациясы бойынша жеңімпаз - «Еркеназ» би ансамблі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айгөлек». «Би» номинациясы бойынша жеңімпаз - «Еркеназ» би ансамблі

13.11.2014
«Айгөлек». «Би» номинациясы бойынша жеңімпаз - «Еркеназ» би ансамблі

Кеше «Айгөлек» республикалық байқауының 6-маусымдағы жеңімпаздары анықталды. Байқаудың «Би» номинациясы бойынша, батысқазақстандық «Еркеназ» би ансамблі жеңімпаз атанды. 

Бірінші орынды 11 жастағы атыраулық Эльенора Бекмұқанова алса, екінші орынды шығысқазақстандық «Өрнек»би ансамблі иеленді. Ал үшінші орын Орал қаласынан келген 6 жастағы Ақтілек Ерболға бұйырды. 

Айта кетейік, «Айгөлек» республикалық балалар байқауының ақтық сыны кеше Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Жеңімпаздарға халықаралық байқауларға жолдама берілді.

 

Хабарламаларға жазылу