«Айгөлек»: «Вокалдық топ» номинациясының жеңімпазы - «Айналайын» тобы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айгөлек»: «Вокалдық топ» номинациясының жеңімпазы - «Айналайын» тобы

13.11.2014
«Айгөлек»: «Вокалдық топ» номинациясының жеңімпазы - «Айналайын» тобы

«Айгөлек» республикалық балалар байқауының ақтық сынында «Вокалдық топ» номинациясы бойынша бас жүлдені астаналық «Айналайын» тобы жеңіп алды. 

Ал бірінші орынды – тараздық «Балапан» тобы, екінші орынды - Семей қаласының «Жұлдыздар» триосы алса, үшінші орынды Тараз қаласынан келген «Ал-Ан» тобы иеленді. 

Айта кетейік, кеше Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында байқаудың финалдық концерті өтті. Онда 6-маусым жеңімпаздары анықталды. Жеңімпаздарға халықаралық байқауларға жолдама берілді. 

«Айгөлек» республикалық балалар байқауына қатысушылар «Бүлдіршіндер әні», «Жасөспірімдер әні», «Вокалдық топ», «Дәстүрлі ән» және «Би» номинациясы бойынша сынға түседі. 

Хабарламаларға жазылу