Жамбыл облысының тұрғындары президент сайлауына қатысып, өз таңдауын жасауға дайын. Саяси науқанға әзірлік бойынша бүгін көшпелі семинар өтті. Жиында 20 қарашада өтетін сайлауға қатысты облыста атқарылған жұмыстар пысықталды. Маңызды іс-шараның талаптары мен заңдылықтары түсіндірілді. Соңғы мәлімет бойынша Жамбыл облысында 493 сайлау учаскесі жасақталған. Дайындық 98 пайыз.
Қазір өңірде сайлаушылар санын нақтылау бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Сонымен қатар сайлауға 1479 байқаушы қатысады деп жоспарланған. Олардың 30-дан астамы шетел азаматтары. Тараз қаласы мен аудандарда 11 CALL – орталық жұмыс істейді. Дауыс беру күні тұрғындардың тіркеуін анықтайтын 256 онлайн-сервис жұмыс істейді.
Серғали Айдапкелов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы
Биылғы жылда Орталық сайлау комиссиясының жұмысындағы ерекшелік, Қазақстан бойынша оның ішінде облыс бойынша барлық банк жүйелерінде, медицина саласында қай жерде информ құрылымдарға қолжетімділік бар, сол жердің бәрінде роликтер, инфограммалар беріліп жатыр. Қандай учаскелерге тіркелгендігі туралы ақпаратты ала алады.
Нұрдос Болатұлы