Қарағандыдағы шахтада қайтыс болғандар саны 5 адамға жетті
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты Ленин атындағы шахтада болған апаттық жағдай салдарынан қайтыс болғандар саны 5-ке жетті.
Руслан Нұрланұлы, тілші:
Авариялық жедел-құтқару тобы 5-ші кеншінің мәйітін бүгін таңертең сағат 9-дан аса тапты. Оқыс оқиға кезінде шахтада 106 адам жұмыста жүрген. 101-і жоғарыға шыққан, қалған 5-і шахта шыңырауына түсетін жеделсатыларда кезекшілікте болған. Жалпы саны 9 адам зардап шеккен.
Арман Қалықов, көмір департаментінің директоры:
Газды дренаждау скважинасын бұрғылау кезінде ауаға метан газы тараған. Өкінішке орай 9 адам зардап шекті. 5 адам қайтыс болды. 4-і ауруханада. Метаннан қатты уланған екеуі облыстық ауруханаға ауыстырылды. Қайтыс болған кеншілердің отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Оларға міндетті түрде материалдық көмек көрсетілетін болады.
Бұл жайтқа қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Арнайы құрылған комиссия метан бөлінісі не себепті болғанын нақты анықтайтын болады. Облыс әкімі мен тиісті ведомства өкілдері осында шұғыл жиын өткізді. Марқұм болғандардың отбасына қаралы хабар осы шахта басында естіртілді.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Аида Балаева: Балалар - мемлекеттің басты капиталы
29.04.2026, 20:51
100 мың түлек бір мезетте ағаш отырғызды
29.04.2026, 20:49
5200 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді
29.04.2026, 20:10
Мәжіліс жеке сот орындаушыларына қойылатын талаптарды қатаңдататын заң жобасын мақұлдады
29.04.2026, 20:09
Qostanai tech - ғылым мен инновация алаңы
29.04.2026, 20:08
4600-ден астам адам ағза ауыстыруға зәру
29.04.2026, 20:07
БАӘ ОПЕК-тен кететінін мәлімдеді
29.04.2026, 20:06
Қазақстан мен Чехия нақты жобалар тізімін әзірлейді
29.04.2026, 20:05