Ыстамбұл университетінде Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен еңбектеріне арналған ғылыми конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ыстамбұл университетінде Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен еңбектеріне арналған ғылыми конференция өтті

02.11.2022

Ыстамбұл университетінде Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен еңбектеріне арналған ғылыми конференция өтті. ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымы мен еліміздің Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйытқы болған шарада түркі әлемінің белгілі ғалымдары бас қосты. Конференцияда ұлт ұстазының түркі әлеміне ортақ гуманитарлық ғылымдардағы реформаторлық идеялары кеңінен талқыланды. Ахмет Байтұрсынұлының тек қазақ тілінде емес, күллі түркі тілдеріндегі термин жасаудағы еңбегі ерекше аталып өтті. Осы жиын аясында ғалымның бірнеше тілге аударылған таңдамалы шығармалары мен «Ғасыр саңлағы» кітаптары қалың оқырманға таныстырылды.

Айгүл Ісмақова, филология ғылымдарының докторы, профессор:

Түркітілдес елдерінде Ахмет Байтұрсынұлы өз деңгейінде насихатталып жатыр. Мысалы жаңа қырғыз ғалымы қырғыздың күні бүгін қолданылып келе жатқан тілтану, әдебиеттану сөздері Ахмет Байтұрсынұлынікі екен тоқсан пайыз. Өзбек ғалымы да тура солай, әзербайжан ғалымдары пән сөздері әдебиеттану, түркология және тілтанулық Ахмет Байтұрсынұлыныкі болып табылады. Бұл күні бүгін 100 жыл бұрын жасалған еңбектері бүгінгі заманға сай әлі іске асып жатқанының үлкен дәлелі.

Екрем Аян, Муғла университеті түрік тілі мен әдебиеті факультетінің доценті:

Бүгінде біздің телеарналарда, газеттерде, радиоларда қолданып жүрген терминдеріміздің көпшілігі Ахмет Байтұрсынұлының жасаған терминдері. Бұдан бөлек түрколог, әдебиетші ғалымдарымыз да Ахмет Байтұрсынұлы ойлап тапқан терминдерді қолданады. Яғни бұл - ғалымның қаншалықты маңызды тұлға екенін көрсетеді. Біз бүгінге дейін сол терминдердің түрікше баламасын табуда қиналамыз.

Айдос Әшім

Хабарламаларға жазылу