Шымкент қаласында ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттау көлемі артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласында ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттау көлемі артты

02.11.2022

Шымкент қаласында ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттау көлемі артты. Биыл 8 айдың ішінде 122,1 млн доллар болатын ауылшаруашылығы өнімі шетке саудаланған. Өнімнің 40 пайызы Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне, ал 60 пайызы өзге шет мемлекеттерге экспортталған. Оның ішінде ұн, өсімдік майы, макарон, қауын-қарбыз, қырыққабат, пияз , қызанақ, шұжық пен ет бар. Сондай-ақ жеміс-жидекке де сұраныс жоғары.

Қайрат Базарбеков, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

Шымкент қаласында экспорт көлемін арттырып, импорт көлемін төмендету мақсатында 24 жоба жүзеге асыру жоспарланған, 14,1 млрд теңгенің. Бүгінгі таңда оның 12 жобасы, 9,8 миллиард теңгеге іске асырылып, жобалар іске қосылды.

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу