Еуропа фермерлері Брюссельге жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа фермерлері Брюссельге жиналды

24.05.2023

Астық мәселесі Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің фермерлерін де алаңдатып отыр. Олар Брюссельге жиналып, Украинаның бидайын импорттауға қарсылық білдірді. Айтуларынша, арзан астық қымбатшылық жағдайында олардың табысын азайтып жіберген. Украинада қарулы жанжал басталғаннан кейін оның Қара теңіздегі порттарынан ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттау қиындады. Сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымы мен өзге де мемлекеттердің арағайындығымен Украина астығы мен азық-түлігі құрлықтағы жолмен көршілес Еуропа елдеріне жіберіліп, жергілікті қоймаларға көптеп жиналып қалған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу