Қазақстан-Чехия кәсіпкерлерінің форумы өтті

18.10.2019

Чехия Республикасының бизнес өкілдері медицина, ауылшаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп және туризм саласына инвестиция салуға қызығушылық танытып отыр. Бүгін Шымкент қаласында өткен Қазақстан және Чехия бизнес форумында осы бағыттағы бірқатар өнеркәсіптік жобалар талқыланды. Басқосуда агроиндустриалды аймақтағы мүмкіндіктер, инвесторларға жасалатын жеңілдіктер жайы айтылды. Чех бизнесмендерін Шымкенттің географиялық орналасу орны қызықтырып отыр. Өйткені өнеркәсіп өнімдерін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі арқылы, Орта Азия елдеріне экспорттауға мүмкіндік мол. Оның үстіне Шымкенттің іргесінен ірі транспорттық логистикалық орталық жасақталып отыр.

Береке Дүйсебек, Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық даму басқармасының басшысы:

Бұл кездесудің соңында Чехия мемлекетіндегі жүзеге асып жатқан ірі технологияларды, замануи әдістерді біздің өндіріс саласына енгізу және бұл кәсіпкерлердің Чехияға барып тәжірибе алмасуға, бизнес өкілдері бастаған топ іскерлік қарым-қатынасты жалғастыратын болады деген сенімдемін.

Ғани ҚАЛМАХАН


Хабарламаларға жазылу