Түркістандық фермерлер фитосанитарлық сертификат ала алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістандық фермерлер фитосанитарлық сертификат ала алмай жүр

20.05.2020

Түркістандық фермерлер тағы қиындыққа тап болды. Олар Ресей мен Беларусь еліне экспорттау үшін апара жатқан қырыққабат пен пиязға бірнеше күннен бері фитосантиралық сертификат ала алмай сандалып жүр. Шымкент қаласының кіреберісіндегі тұрақтарда 40-тан астам жүк көлігі қаңтарылып тұр. Құзырлы мекеме өкілдері оларды осы кезге дейін «құжаттар базасы істемей тұр», «бланк таусылып қалды» деген сылтаумен жолдан қалдырып келген. Ал Шымкент қаласы аумақтық инспекциясы болса, ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдаушыларға мамандардың дер кезінде құжат рәсімдеп үлгере алмай жатқанын алға тартып отыр.

Сондай-ақ Шымкент қаласына аумақтық инспекция жұмысын қадағалау үшін министрлік тарапынан арнайы топ жіберілген. Әрі Шымкенттегі аумақтық инспекцияға өзге аймақтардан қосымша күш жұмылдырылды. Ал мекеменің жұмыс уақыты кешкі сағат 8-ге дейін ұзартылды.

Ғани ҚАЛМАХАН


Хабарламаларға жазылу