Батыс Қазақстанда боран салдарынан жоғалып кеткен ер адам әлі табылмай жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда боран салдарынан жоғалып кеткен ер адам әлі табылмай жатыр

23.11.2023

Боран салдарынан Батыс Қазақстан облысында да 200-ден аса абонент әлі жарықсыз отыр. Таңертең олардың саны мыңға жуық еді. Үзілген электр желісін қалпына келтіру үшін оннан аса бригада жұмысын жалғастырып жатыр. Қалаға жауған мол қардан көше жолын тазалауға 200-ден астам техника мен 360 жұмысшы жұмыла кіріскен.

Ал Теректі ауданы Ақжайық ауылында кеше таңғы сағат 10-да жұмыстан шығып, боранда жоғалып кеткен 52 жастағы ер адам әлі табылмай жатыр. Бүгін түстен кейін Орал қаласының әуежайынан «Еврокоптер» әуе ұшағы ауылға ұшып кетті. Іздестіру-құтқару жұмысына барлығы - экипажда 3 адам, жеке құрамнан 25 адам, 9 техника жұмылдырылды.


Хабарламаларға жазылу