Түркістанда халықаралық марафон өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда халықаралық марафон өтті

01.11.2022

Түркістанда халықаралық марафон өтті. Жүгіру сайысына жеті жасар баладан бастап, жетпістегі қарияларға дейін қатысты. 2 мыңнан аса адам қатысқан ауқымды іс-шара Түркістан қаласында бірінші рет ұйымдастырылған. Бұқаралық спортты насихаттауға арналған жарысқа өңірлерден және 12 елден спортшы келді.

Желаяқтар әртүрлі қашықтықта бақ сынады. Алдымен 42 шақырымды жүгіретін спортшылар жарыс жолына шықты. Одан кейін марафоншылар 10 және 21 шақырымды қала көшелерімен жүгіріп өтті. Ал балалар 3 шақырым қашықта жарысып, сыйлыққа ие болды. 

Айнұр Ақбаева 



Хабарламаларға жазылу