Атырауда халықаралық деңгейдегі марафон өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда халықаралық деңгейдегі марафон өтті

14.05.2018

Спорттық шараға еліміз бен  шет мемлекеттерден барлығы үш мыңға жуық адам қатысты.  150-ден аса желаяқ 42 шақырымды бағындырып, 1000-ға жуық  ерікті 10 шақырым жерді жүгіріп өтті.  Ал, қала тұрғындары мен қонақтары 4 500 метрлік жарыс жолында бақ сынады. Сәйкесінше, ауқымды додада оза шапқан жүйріктерге  бағалы сыйлықтар табысталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, марафон келер жылы да жалғасын таппақ. Ол кезде 5000-ға жуық адам қамтылады деп жоспарлануда.

Ғамзат Шабдан, жүлдегер:

- Мен оныншы рет қатысып отырмын. Жақсы көрсеткіш көрсеттім.

Трейси Куин, марафонға қатысушы /Австралия/:

- Керемет әсердемін. Осы спортпен шұғылданғаныма 10 жыл. Жасым 57-де. Жайық жағасындағы жарыс жолымен жүгіруім ерекше болды. Ұйымдастырушыларға рахмет айтамын.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу