Биыл кезектен тыс президент сайлауында 11 950 485 қазақстандық дауыс бере алады
Биыл кезектен тыс президент сайлауында 11 950 485 қазақстандық дауыс бере алады. Бүгін өткен Орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлау бюллетеньдері қандай болатыны көрсетілді. Барлық үміткерлер алфавиттік ретпен орналастырылған. Бюллетеньдердің 12 миллион данасы басып шығарылады. Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауға тағы 63 шетелдік байқаушыны аккредиттеді, олар 4 халықаралық ұйым мен 5 елдің атынан өкілдік етеді.
Мұхтар Ерман, Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:
Армения республикасынан екі байқаушы, Мажарстаннан екі байқаушы, Молдова республикасынан екі байқаушы, Ресей федерациясынан екі байқаушы, Швеция королдігінен бір байқаушы. Аккредитациядан өткізу үшін ұсыныстардың келіп түсуіне қарай байқаушылар жөніндегі деректер жаңартылып отырады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18