Нұрлан Әуесбаев құрылысшылармен кездесті
Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Астана қаласының құрылысшыларымен кездесті. Оларға «Жалпыұлттық социал-демократилық» партиясы туралы қысқаша мәлімет беріп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Жұмысшылар саладағы өткір тұрған мәселелерді көтеріп, сұрақтарын жолдады. Нұрлан Әуесбаев айтылған проблемаларды қағазына түртіп алды. Кандидат бұған дейін саяси науқан алдындағы үгіт-насихат жұмыстарымен Қарағанды, Ақтөбе және Ақмола облысына барған болатын. Бұл шараларға ірі мегаполистер мен облыстардағы жақтастары да атсалысып жатыр. Айта кетейік, кандидаттың сайлауалды бағдарламасы бойынша 50-ден аса іс-шара өткізу жоспарланған.
Нұрлан Әуесбаев, Президенттікке кандидат:
Қарапайым жұмысшылар әр түрлі саланың, әр түрлі компанияның жұмысшылары келіп, өз мәселелерін айтты. Шынында да өте тартысты, тартымды өтті. Ашық пікірталас болды. Ендігі жоспар біз оңтүстікке қарай. Батыста болдық, осы Ақмола облысының айналасының барлығын араладық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Гуманоид робот жүгіруден Усейн Болттың рекордын жаңартты
25.08.2026, 10:09
Оралда кәсіпкерлер үш жаңа саябақ салып берді
25.08.2026, 10:07
Елде автосақтандыру жүйесі өзгереді
25.08.2026, 10:06
Тұрғындар пікірі: Халықтық Конституция қоғамның жаңа бағытын айқындайды
25.08.2026, 10:05
Халықтың жартысына жуығы спортпен тұрақты айналысады
25.08.2026, 10:05
Боливияда қар борап, әуе рейстері доғарылды
25.08.2026, 10:03
Вашингтон Тегеранға қарсы ауқымды санкция жариялады
25.08.2026, 10:02
Ішкі сауда көлемі өсіп келеді
25.08.2026, 10:02