СҚО-да медициналық қалдықтарды жоюмен заңсыз айналысқан зауыт жұмысы тоқтатылды
Солтүстік Қазақстанда медициналық қалдықтарды жоюмен айналысқан зауыт жұмысы тоқтатылды.
Қызылжар ауданының Малое Белое ауылында орналасқан нысанның 1,5 жылдан бері лицензиясыз жұмыс істеп келгені анықталды. Шағын кәсіпорында пайдалану мерзімі аяқталған дәрі-дәрмек, медициналық қалдықтар өртелген. Тұрғындар шағымынан кейін нысанда тексеріс жүргізіліп, экологиялық заңнаманың бұзылғаны дәлелденді.
Асхат Мәпенов, облыстық Экология департаментінің бөлім жетекшісі:
Жаңа экологиялық кодекске сай, 2021 жылдың шілдесінен медициналық қалдықтарды жоюмен айналысатын мекемелер арнайы лицензия алуы тиіс. Бұған дейін шағын кәсіпорын мұндай құжат алуға өтінім жасаған. Нысанда экологиялық талаптар толық сақталмағандықтан, ол берілген жоқ. Соған қарамастан мекеме қызметін жалғастырып келген. Енді ол лицензия алғанға дейін жұмыс істей алмайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06