Прокурор Бақытгүл Хаменоваға 7 жыл жаза кесуді сұрады
Абай ескерткішін орнату үшін 4,5 млн теңге пара алды деп айыпталған Атырау облысы әкімінің экс- орынбасары Бақытгүл Хаменоваға прокурор 7 жыл жаза кесуді сұрады. Атышулы іс бойынша жарыссөз басталды.
Мемлекеттік айыптаушы осы қылмысқа қатысы бар облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиевті 7 жылға соттауды, ал пара берді деп күдікке ілінген «Балқыту» серіктестігінің директоры Өміртай Адамовқа 4 жыл жаза беруді сұрады.
Бұған дейінгі сот отырысында 9 ай бойы Хаменоваға қарсы куәлік еткен Ақылбек Рысқалиев бұған өзін антикор өкілдері мәжбүрлегенін жайып салған еді.
Лаура Асанова, Атырау облыстық прокуратурасының прокуроры:
Мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан және жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны өтеу орташа қауіпсіздік мекемесінде белгіленсін. Хаменова «Құрмет» орденінен айырылсын. Сотталушының кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазаны үш жылға дейін кейін шегеруді сұраймын.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жазғы лагерьлерге 3,7 млн оқушы барады
29.04.2026, 20:57
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті
29.04.2026, 20:51
100 мың түлек бір мезетте ағаш отырғызды
29.04.2026, 20:49
Елде дәрі-дәрмек өндірісі артады
29.04.2026, 20:47
5200 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді
29.04.2026, 20:10
Мәжіліс жеке сот орындаушыларына қойылатын талаптарды қатаңдататын заң жобасын мақұлдады
29.04.2026, 20:09
Qostanai tech - ғылым мен инновация алаңы
29.04.2026, 20:08
4600-ден астам адам ағза ауыстыруға зәру
29.04.2026, 20:07