Чехияда демонстранттар үкіметтің отставкаға кетуін талап етті
Чехия астанасы Прагада мыңдаған адам шеруге шығып, үкіметтен отставкаға кетуді талап етті.
Сонымен қатар демонстранттар билікті мерзімінен бұрын сайлау өткізуге және қыс жақындап қалғандықтан газ жеткізу жөнінде Мәскеумен келіссөз жүргізуге шақырды. Олар «Ең алдымен – Чех Республикасы» деп ұрандатып, Еуропа одағы мен НАТО-ға қарсылық білдірді. Дегенмен, қалада Украинаны қолдаған манифестация да өтті.
Чехия үкіметі Еуропа одағының Ресейге қарсы санкцияларына қолдап, Украинадағы жағдайға байланысты Кремльге қатысты қатаң позиция ұстанып отыр. Және де ол жергілікті компанияларға қаржылай көмек көрсетіп, электр қуатының бағасын өсірмеуге бағытталған шаралар қабылдаған.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01