Салтанат Тұрсынбекова аурухана қызметкерлерімен кездесті
Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова үгіт-насихат науқанымен Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласына барды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан кандидаттың штабы жолға көлікпен шыққан болатын. Көктайғақ салдарынан машина бірнеше рет апатқа да ұшырай жаздады. 5 сағаттың ішінде Көкшетауға жеткен кандидат облыстық көпбейінді ауруханаға соғып, қызметкерлермен кездесті. Жиын барысында денсаулық сақтау саласындағы мәселелер талқыланып, кандидаттың сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Бұл емдеу мекемесінде 1,5 мыңға жуық маман еңбек етеді. Ауруханада 700 науқасқа шақталған орын бар.
Салтанат Тұрсынбекова, Президенттікке кандидат:
Осы мекеменің 50-ге жуық қызметкерлерімен сұхбаттасып, біздің бағдарламада көрсетілген барлық бағыттармен оларды таныстырып, олардың ой-пікірлерін тыңдадым. Әрине, медициналық көмек көрсету деген ол бір етік тігумен немесе көйлек тігумен салыстыруға болмайды. Медициналық көмек көрсету, ем беру деген өте күрделі, жауапкершілігі жоғары қызмет. Сол себепті ол жолда әр түрлі жағдайлар да болып жатады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тунистегі шеру тәртіпісіздікке ұласты
25.08.2026, 13:12
Автономды қазандықтар жылыту маусымына 98% дайын
25.08.2026, 13:06
Сарапшы: Құрылтай мемлекетті басқарудағы халықтың рөлін күшейтеді
25.08.2026, 13:03
Құрылтай сайлауының қорытынды нәтижесі жарияланды
25.08.2026, 13:00
Гуманоид робот жүгіруден Усейн Болттың рекордын жаңартты
25.08.2026, 10:09
Оралда кәсіпкерлер үш жаңа саябақ салып берді
25.08.2026, 10:07
Елде автосақтандыру жүйесі өзгереді
25.08.2026, 10:06
Тұрғындар пікірі: Халықтық Конституция қоғамның жаңа бағытын айқындайды
25.08.2026, 10:05